You are here

Теміржолшы-студенттерінің облыстық олимпиадасы

Баспаға арналған нұсқасыPDF version

Павлодар облысының серіктес-колледждері стунденттерінің арасында "Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық  қызмет көрсету" мамандығы бойынша 2016 жылдың 27 қаңтары күні облыстық олимпиада болып өтті.

Олимпиада «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі» КМҚК, «Екібастұз политехникалық колледжі», «Павлодар теміржол колледжі», «К.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен колледжі» арасында «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасын іске асыру жөніндегі серіктестік қатынасты дамыту туралы меморандум аясында өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – теміржол көлігінің саласындағы мамандардың кәсіптік дайындықтарының сапасын арттыру болып табылады.

Қазылар алқасының құрамында Ильясова Б. И., - облыс өңірлік кәсіпкерлерінің палатасы бөлімінің басшысы, Калиева А. Ж.,облыстың білім беру басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісінің міндетін атқарушы, Симушкина Л. Н., «Қамқор Вагон» ЖШС «Павлодар вагон жөндеу депосы» филиалының инженері, Давлятчин Е. М., «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагонының жөндеу бойынша  Ақмола филиалының Павлодар учаскесінің нұсқаушысы, Рудольф Т. А., Павлодар химико-механикалық колледжінің оқытушысы ұмыс істеді.

Олимпиадаға серіктес-колледждерінің 16 ең үздік оқушылары қатысты. Олар өздерінің теориялық білімдерін көрсетті. Теориялық бөлімде ең жоғары балла алған 6 қатысушы, келесіде темір жолдың жылжымалы  құрамының автотіркегіштік құрылғылары мен тежегіштік жабдықтары бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Олимпиаданың қорытындылары бойынша нәтижесінде 1 орынды К.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен колледжінің 3 курс студенті Ныгманов Мерхат,  II орынды – Павлодар теміржол колледжінің 3 курс студенті Кайдаш Богдан, III орынды – Екібастұз политехникалық колледжінің 4 курс студенті Боев Александр иеленді.

Оқытушы Бейсебаева Айгуль Мухтарқызы айтқандай: «Олимпиаданың жеңімпазы Ныгманов Мерхат өмірлік ұстанымы белсенді, ғылыми-зерттеушілік істермен айналысады, 2015 жылдың желтоқсан айында «Екібастұз өңірінің экологиялық проблемалары» атты ғылыми-практикалық конференцияға және «Шабыт» шығармашылықты жобасының конкурсына қатысты.

Облыстық олимпиаданың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, қатысушылар - атаулы сертификаттармен марапатталды, студенттерді дайындаған, жетекші-пән оықтушылары, Палводар облысы білім беру басқармасының Алғыс хаттарына ие болды.

 

28.01.2016