You are here

Астанада білімді интернационалдандыру бойынша семинар өтеді

Баспаға арналған нұсқасыPDF version

ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы АҚШ Халықаралық білім беру институтының қолдауымен «Жоғары білімді интернационалдандыру механизмі: академиялық ұтқырлық, бірлескен білім беру бағдарламалары және халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты – АҚШ университеттерінің тәжірибесін ескере отырып Қазақстанның жоғары оқу орындарында интернационалдандыру механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Дәрістің тыңдаушылары халықаралық ынтымақтастықтың дамуына жауапты Қазақстан жоғары оқу орындарының өкілдері. Дәрісші ретінде Иллиной университетінің халықаралық білім және біліктілікті жоғарылату бойынша бөлім (АҚШ, Урбана-Шампейн) директоры Мэтт Розенштейн және ҚР білім беру ісін реформалау бойынша сарапшылардың Ұлттық командасы мүшелері сөз сөйлейді, содан бөлек семинар жұмысына Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысады.

Қатысушылар интернационалдандырудың басты мәселелерін талқылайды: академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, интернационалдандыру жүйесінің сапасын бағалау, университеттің халықаралық қызметін стратегиялық жоспарлау және т.б.

Доктор Мэтт Розенштейн АҚШ-тағы интернационалдандыру тәжірибесімен, академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру және дамыту механизмдері ерекшеліктерімен бөліседі. Розенштейн мырза халықаралық ынтымақтастық, ұстаздардың біліктілігін арттыру, оқу жоспарын стратегиялық дамыту, студенттік ұтқырлыққа және қоғаммен жұмысқа көмек салаларындағы жобаларды бірнеше рет басқарған.

Семинардың қорытындысы бойынша Қазақстандағы жоғары білімді интернационалдандыруды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды жасап шығарады.

Өтетін күні және орны: 2016 жылғы 11-13 ақпан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.

10.02.2016