You are here

Фортепиано музыкасының конкурсы

Баспаға арналған нұсқасыPDF version

3 - 7 ақпан аралығында Екатеринбург қаласының М.П.Мусоргский атындағы Уральск Мемлекеттік консерваторияда В.С.Цветиков атындағы фортепиано дайындығының V Халықаралық конкурсы өтті. Бұл конкурс орыс музыкалық мәдениеті тарихындағы екі маңызды күндерге арналған: С.С.Прокофьевтің 125-жылдығына және Д.Д.Шостаковичтің 110-жылдығы. V Халықаралық конкурс әйгілі музыканттардың бірі, орыс композитор Сергей Сергеевич Прокофьев атындағы консерваторияның кіші залының сахнасында өтті.

«Музыка теориясы» номинациясы бойынша  2 курс студенті Чехлова Кристина ІІІ дәрежелі лауреат атанды, оқытушысы Гүлмира Қанатқызы Жұманова, «Хор дирижеры» номинациясы бойынша  3 курс студенті Нижегородова Мария ІІІ дәрежелі лауреат атанды, оқытушысы Қадиша Ғабдоллақызы Тыштықбаева. Нижегородова Мария және Чехлова Кристина тек колледж бен қаланың ғана емес, бүкіл Қазақстанның намысын қорғап, конкурсқа қатысты. Сонымен қатар Ресейдің түрлі аймақтарынан, Мәскеу, Нижний Новгород, Петропавловск-Камчатский, Татарстан Республикасы, Екатеринбург қалаларынан студенттер қатысты.

Конкурстың қазылар алқасының құрамында М.П.Мусоргский атындағы Уральск Мемлекеттік консерваториясының оқытушылары мен Минск, Уфа және Санкт-Петербург қалаларынан келген мамандар болды. 

 

12.02.2016