You are here

«Анастасия» және астаналық «BOMOND»

Баспаға арналған нұсқасыPDF version

Жаңа 2016 жыл М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» би-спорттық клубы үшін табысты болып басталды. 34 жүлделі орын, оның ішінде 15 бірінші орынды би ұжымы Астана қаласында өткен спорттық балдық бидің ашық чемпионатынан әкелді. Бұл жарыс «BOMOND 2016» атты III-ші Халықаралық балдық би фестивалінің шеңберінде өтті.

Қазақстан Республикасының ұлттық би кеңесінің мақсаты болып, екі күндік фестиваль бағдарламасында  салауатты өмір салты мен балдық билерді насихаттау еді. Аталмыш жарыс арқылы ұйымдастырушылар әр түрлі жас ерекшелік категориясында «Baby» жасынан ювеналдарға дейін, юниорлардан жастарға дейін, шебер би ұжымдарын іздеді. Павлодарлық «Анастасия» би ұжымы  жарыстың барлық категориясына қатысты. Бишілер европалық билермен латынамерикалық билер бағдарламасында жарысқа түсті: баяу вальстен кейін қызу танго биін билеп, қызықты әрі әсерлі джайв пен румбру билерімен жарысты. Павлодарлық «Анастасия» би клубы фестивальде тек қана 15 бірінші орынға ие болып қоймай, сондай-ақ 13 екінші және 6 үшінші орынға ие болды.  «Анастасия» клубының бапкерлері Виолетта Никитина және Анастасия Загорулько төрешлер құрамында болды.

10.02.2016