Қаз|Рус

Іздеу  




Жаңалықтар


 



ҚР БжҒМ –нің хабарлауы бойынша, British Council (Британ Кеңесі) Қазақстан және Ұлыбритания ЖОО-ның арасында қызметтестік орнатуға бағытталған зерттеу және білім саласындағы Халықаралық стратегиялық серіктестік жобасының (INSPIRE) шеңберінде Танысу гранттарын алуға конкурс жариялайды.


2000 фунт көлеміне  дейінгі гранттар  британ ЖОО-на сапар жасауға арналған, бұл жоғары оқу орындары потенциалды серіктестер ретінде қарастырылады. Ұқсас гранттар британ жағына да қазақстандық  ЖОО ішінен серіктестер іздеу үшін ұсынылады. 

Жоба ішінде ЖОО-ның арасындағы қызметтестіктің приоритеттік салалары:

  • Қоршаған орта мен  климаттың өзгеруі (Environment and Climate Change)
  • Биотехнологиялар (Biotechnology)
  • Ағылшын тілін оқыту әдістемесінде фокус арқылы білім беру;  жоспарлау және білім беру саясаты (Education with a focus on English language teaching and methodology and education policy & planning)
  • Энергетика (Energy)


Басқа салаларда да қызметтестікті реттеуге бағытталған  хабарламалар  қарастырылуы мүмкін. 

“2010-11 Exploratory Grants”  конкурсқа қатысу үшін хабарламаны 2010 жылдың 19 қарашасына дейін берулеріңіз қажет. Хабарламада (ағылшын тілінде) сапардың мақсаты мен нәтижесі, сондай-ақ 2011 жылдың 31 наурызына дейін өтетін сапардың уақыты, қатысатын ЖОО-дары және қызметтестік саласы көрсетілуі тиіс. 

Біріншіден хабарламалар қарастырылады, сосын олардың келіп  түсуіне байланысты гранттар реттелінеді. Хабарламаларды алдын-ала жіберулеріңізді  сұраймыз. 

Грант, хабарлама беру, жиі қойылатын сауалдар мен аппликациялық форма туралы толығырақ мәліметті British Council сайтында: http://www.britishcouncil.org/kazakhstan-projects-inspire-exploratory-grants.htm таба аласыз.

Хабарламаның толтырылған  формасы inspire@britishcouncil.org электронды адреске, ал хабарламаның қол қойылған түпнұсқасы British Council офисіне, 050013 Қазақстан, Алматы қаласы, Республика алаңы мекенжайына жіберілуі керек. 


28.06.2010






<- Back to: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
 
   
2010© Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі