Map map map 2008 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) мен талапкерлерге кешенді тес
 



 

no news in this list.


            


            






Ұлттық бірыңғай тестілеу 

2008 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) мен талапкерлерге кешенді тес



Мектептерде көп пәнді оқуға оқушыларды ынталандыру, базалық даярлық сапасын арттыру, неғұрлым дайын жастарды конкурстық негізде жоғары оқу орындарына қабылдауды қамтамасыз ету және жоғары оқу орындарына түсу үшін мамандықтарды таңдау мүмкіндігін кеңейту мақсатында 2008 жылы білім беру тапсырысы бойынша оқуға үміткерлер үшін таңдап алынған мамандыққа қатысты үш пән бойынша  қосымша кешенді тестілеу енгізу жоспарланған болатын.

Алайда, ағымдағы жылғы бітірушілердің жаңа формат бойынша тестілеуге дайындалу уақытының тығыздығына байланысты, қосымша кешенді тестілеуді енгізу кейінге қалдырылды.

Сондықтан ағымдағы жылғы білім беру ұйымдарының бітірушілерін жоғары оқу орнына қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындылары бойынша жүргізілетін болады.

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес ҰБТ - орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарын біріктіретін жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бір нысаны.

2008 жылы ҰБТ 5 пәннен өткізіледі: ана тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі орыс мектептеріне арналған немесе орыс тілі қазақ мектептеріне арналған және мамандыққа байланысты таңдау пәні (география, физика, биология, дүниежүзі тарихы, химия, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі). «Білім туралы» ҚР Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес  мемлекеттік тіл мен орыс тілі ҰБТ бағдарламасына енгізілетін тапсыруға міндетті пәндер болып табылады.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсында төрт пән (ана тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы таңдау пәні) бойынша балдар есептеледі.

Орыс мектептеріндегі қазақ тілі және қазақ мектептеріндегі орыс тілі пәндері бойынша нәтижелер жоғары оқу орындарына түсуге әсерін тигізбейді.

ҰБТ 1-10 маусымда өткізіледі. Тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау 10 наурыздан 25 сәуірге дейін жүргізіледі. ҰБТ-ның әр пәні бойынша тест тапсырмаларының саны - 25. Бес пән бойынша тест тапсырмаларының жалпы саны - 125. ҰБТ-ға 3 астрономиялық сағат бөлінеді (180 минут).

ҰБТ-ның нәтижелері бойынша мектеп бітірушілер аттестат және сертификат алады, «Алтын белгi» аттестатын, «үздік» аттестатын дәлелдейді. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның нәтижелері бойынша 100 балдан (төрт пән бойынша) ең төменгі деңгей - 50 балл жинау қажет, бейінді пән бойынша – 7 балдан кем емес, ал басқа пәндер бойынша - 3 балдан кем болмауы қажет.Сертификаттың қолданыс мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Жалпы орта білім беру ұйымдарының бітіретін жылы республиканың колледждері мен жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдірмеген  бітірушілері үшін мектепте дәстүрлі емтихандар өткізіледі.

Талапкерлерге кешенді тестілеу (ТКТ):

- өткен жылдардың бітірушілері;

-  жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары;

-  шетелде оқушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша білім алушылар;

- өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының бітірушілері;

     - республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері;

          - бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері;                              

          - шетелде білім беру ұйымдарын бітірушілер үшін өткізіледі.

ТКТ 4 пән бойынша жүргізіледі: ана тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы және мамандыққа байланысты таңдау пәні (география, физика, биология, химия, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі). Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25. Төрт пән бойынша тест тапсырмаларының жалпы саны - 100. Тестілеу уақыты - 2 сағат 30 минут бөлінеді (астрономиялық).

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ТКТ қорытындысы бойынша 50 және одан көп балл алған, бейінді пән бойынша – 7 балдан кем емес, ал басқа пәндер бойынша 3 балдан кем болмауы қажет балл жинаған талапкер қатысады.  

Қазіргі кезде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.