«2008/2009 оқу жылына жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 23 маусымдағы № 638 бұйрығына сәйкес және Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия шешімінің негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2008/2009 оқу жылында білім беру гранттарына ие болған Тәжікстан Республикасы азаматтарының тізімі;
2) 2008/2009 оқу жылында білім беру гранттарына ие болған Қырғыз Республикасы азаматтарының тізімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары 2008 жылғы 25 тамызға дейін білім беру гранттарының иегерлерін студенттер қатарына қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К. Шәмшидиноваға жүктелсін.