|
||||||||||||||
![]() no news in this list. |
Талапкер - 2008
Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 Қаулысымен бекітілді
Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26-бабы 8-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасы белгіленсін: 1) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 0,5 пайыз; 2) соғыс ардагерлеріне және соғыс мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар үшін – 0,5 пайыз; 3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30 пайыз; 4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 2 пайыз; 5) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1 пайыз. 2. Мыналардың: 1) Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы №1188 қаулысы (2002 жылғы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, №39, 404 бап); 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы №1188 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы №1276 қаулысы (2004 жылғы Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, №48, 612 бап) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. |
|||||||||||||
|
|
||||||||||||||